112 кезекшісіне алғаш болып әлеуметтік қызметкер хабар берген
Әйел адам бөлмелердің бірінде диванда комада жатқан күйінде табылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласы ТЖ басқармасының мәліметінше, сағат 09.08-де 112 кезекшісіне әлеуметтік қызметкердің бірнеше күн бойы әйел адамның үйіне кіре алмай жатқаны туралы ақпарат түскен.
«Қоңырау соғып, есікті қаққанмен әйел адам есікті ашпаған. Құтқарушылар оқиға орнына учаскелік инспектор және әлеуметтік қызметкердің қатысуымен арнайы құралдардың көмегімен есікті ашты. Бұдан кейін жедел жәрдем қызметкерлерін шақырды», - дейді басқармада.
103 қызметкерлері алғашқы көмек көрсеткеннен кейін әйелді зембілмен жедел жәрдем көлігіне жеткізуге көмектесті.