Оқиға туралы факт сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қолға алуы үшін полицейлерге берілді
Рудныйда бесінші қабат терезесінен құлаған екі жасар бала мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 13 сәуірде кешке орын алды. Павел Корчагин көшесіндегі үйдің бесінші қабатының терезесінен 2020 жылы туылған сәби құлап кетті. Бала алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды.
Құтқарушылар түсіндіріп өткендей, бала терезедегі тор қаптаманы (москит) ұстаймын деп құлап кеткен. Жазатайым оқиға туралы факт сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қолға алуы үшін полицейлерге берілді.
Рудный Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындардан балаларды пәтерде қараусыз қалдырмауды және қолданыстағы сақтық шараларын қабылдауды сұрайды. Жыл сайын орын алатын қайғылы статистика көрсеткендей, терезедегі тор қаптама - жәндіктерден қорғайды, бірақ баланы құлап кетуден қорғамайды.