Өткен тәулікте елімізде 20 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

5 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте елімізде 20 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 375 жетті.

Соңғы тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында - 9, Алматы облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 4, Қостанай облысында -1, Павлодар облысында - 1 адам коронавирусқа шалдыққан.

Сондай-ақ 5 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.