Бүгін Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қостанай» халықаралық әуежайына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы қаулыны жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қостанай» халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін", - делінген құжатта.
Үкімет қаулысы 29 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.