Таратылатын банктердің салымшысы ақшаны 1 мамырға дейін ала алады

Azattyq Rýhy

Елімізде жақында 8 банк жұмысы тоқтатылады

Таратылатын банктердің салымшысы ақшаны 1 мамырға дейін ала алады
фото 24.kz сайтынан

Таратылатын сегіз банктің салымшылары өздеріне тиесілі өтем ақшаларды 2022 жылдың 1 мамырына дейін ала алады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сілтеме жасап хабарлайды.

«Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшылары биыл 1-мамырға дейін ақшаларын ала алады.  

Ал «Capital Bank Kazakhstan» АҚ лицензиясынан кейінірек айырылғандықтан, оның салымшыларының кепілдік берілген өтемді соңғы күнін қоса алғанда биылғы жылдың 3 шілдесіне дейін алуға мүмкіндіктері бар.

«Өтем алуға өтінішті дәстүрлі тәсілмен де Төлемдердің электрондық порталы арқылы онлайн түрінде де беруге болады. Онда төленуге қолжетімді соманы тексеруге және өтініштің орындалу барысын қадағалауға болады. Сонымен қатар салымшылар лицензиясынан айырылған банктің салымшыларына өтем төлеуге тағайындалған агент банктер арқылы да өтініш бере алады», делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.