Ол еңбек демалысын Қытайда өткізіп келген
Дәрігерлер Санкт-Петербург әуежайынан Қытайда еңбек демалысын өткізіп келген азаматты ауруханаға алып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі fontanka.ru-ға сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, азаматты жоғары температура мазалаған. Ал оны ауруханаға алып кеткен дәрігер мен жедел жәрдем жүргізушісі химиялық қорғанысқа арналған арнайы киімде болған.
«Жолаушыны Боткин атындағы инфекциялық ауруханаға алып кетті. Оған коронавирус диагнозы қойылған», - деп жазады басылым.
Айта кету керек, Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті.