Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ахмедиев ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген Жарлықта.
Сондай-ақ Президент Жарлығы бойынша Лұт Сапуұлы Әлшекенов ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды.