Құрманбек Жұмағали Astana TV директоры болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қ.Жұмағали Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған

«Astana» телеарнасы директоры болып белгілі журналист, медиаменеджер һәм әр жылдары мемлекеттік қызметте де басшылық қызметтерде болған Құрманбек Жұмағали тағайындалды. Бүгін телеарнаның жаңа басшысын «Nur Otan» партиясын Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қабылдап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. 

Оқи отырыңыз: Бибігүл Жексенбай Astana TV басшылығынан кетті

Қ.Жұмағали Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Әр жылдары бірнеше республикалық телеарналар мен мемлекеттік қызметтерде болған:

«Қазақстан» РТРК» АҚ-да бағдарламалардың редактор – жүргізушісі, Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері;

«Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі;

Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі;

«Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, Аймақтық дамыту дирекциясының директоры;

«Алматы» телеарнасы Бас директорының бірінші орынбасары;

Маңғыстау облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы;

«Қазақстан» РТРК АҚ» «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры;    

«Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары;

Astana TV - «Нұр Отан» партиясының ақпараттық холдингіне кіретін республикалық телеарна. Бүгінде тәулігіне 23 сағат хабар тарады. Арна эфирі спутниктік желі арқылы ел аумағын 100% қамтиды.