Нұр-Сұлтанда екі мың адамды алдап, қаржы пирамидасын құрған күдіктілер ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар заңсыз әрекеттерін «WhatsApp» пен «Telegram» мессенджерлері арқылы жүргізген

Фото: turkystan.kz

Елорда тұрғыны екі мың адамды алдап, қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік таратқан хабарламаға сәйкес Нұр-Сұлтан қалалық департаменті қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша Р.Ж. Ахымбековаға және К.Ж.Елеукеноваға қатысты қылмыстық іс тергеліп, аяқталған.

Қаржы пирамидасын құрушы «WhatsApp» пен «Telegram» мессенджерлерінен «Астана Раушан касса айналымы» атты чат ашып, ақшалай қаражат алу үшін 2 мың салымшыны тартқан.