Мұғалімдер ұлттық біліктілік тестін 2018 жылдан бері тапсырады
Ұлттық тестілеу орталығы Алматыдағы жекеменшік оқу орындарының бірінде тестілеу кезінде болған қайғылы оқиғадан кейін түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1973 жылы туған мұғалім тестілеу кезінде қайтыс болды. Ер адам гипертензиялық (гипертониялық) ауруына байланысты емханада есепте тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Естеріңізге саламыз, Алматыда ұлттық біліктілік тестін тапсырып жатқан мұғалім қайтыс болды.