5 өңірде найзағай ойнап, жел күшейеді
"Қазгидромет" РМК 15 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының батысында найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысының солтүстігінде де найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні 16 м/с дейін жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.