Қостанайда 330 бала мемлекет кепілдік берген әлеуметтік көмектен қағылған

Автор: Azattyq Rýhy

Қостанай қаласының прокуратурасы аз қамтылған отбасыдан шыққан балалардың құқығын қорғады

фото: kg.manas.news

Талдау барысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы оқушылар кеңсе тауарларын толық көлемде алмағаны, ал 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтықтары мен тұрмыстық химия құралдары берілмегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай қаласының прокуратурасы енгізген қадағалау актісі бойынша білім және жұмыспен қамту бөлімдері осы бағыттағы жұмысты қайта қарады.

«Мемлекеттік органдардың жауабына сәйкес, балалар мемлекет кепілдік берген әрі  заңнамада көрсетілген азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтарын, сондай-ақ жазу құралдарын алды», деп көрсетті Қостанай қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі.