Рейстер сейсенбі және сенбі күндері орындалады
2022 жылдың 26 сәуірінен бастап қазақстандық "Qazaq Air" әуе компаниясы Атырау мен Астрахань қалалары арасында аптасына 2 рейс жиілікпен халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Рейстер сейсенбі және сенбі күндері Bombardier Q400 типті әуе кемесінде орындалады деп жоспарланған.
Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылады.