Алматыда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге беріледі

Автор: Azattyq Rýhy

Алматыда қазір 77 майдангер тұрады

фото ult.kz сайтынан

Алматыда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде Жеңіс мейрамы қарсаңында соғыс ардагерлеріне материалдық көмек көрсетілетінін айтты.

«Өкінішке қарай ардагерлеріміздің қатары күн өткен сайын азайып бара жатыр. Қазір Алматыда небәрі 77 соғыс ардагері тұрады... Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде материалдық көмек беру туралы шешім қабылданды», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 1 627 адамға 100 мың теңгеден берілетін болды. Ал 10 665 тыл еңбеккері  50 мың теңгеден алады.