Ол «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқарған
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Рудный қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, мердігер компанияның директорына қатысты да сотқа дейінгі тергеу басталған. Ол Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысына Рудный қаласында газдандыру жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасағаны үшін 10,5 миллион теңге көлемінде пара берген деген күдікке ілінді.
«Рудный қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы пара алды және бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.