Алматыда AMANAT партиясы сайлауалды бағдарламасының іске асырылу қорытындысы қаралды

Azattyq Rýhy

2021 жылы қалада 79 балабақша ашылды, Алатау және Наурызбай аудандарында 5,1 мың орындық 3 мектептің құрылысы аяқталды

Алматыда AMANAT партиясы сайлауалды бағдарламасының іске асырылу қорытындысы қаралды

Партияның Алматы қалалық филиалында «AMANAT» фракциясының отырысы өтті, онда қала басшылығының Жол картасын жүзеге асыру бойынша есебі тыңдалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Фракция жұмысына қалалық филиалдың атқарушы хатшысы М. Отыншиев, Алматы қалалық мәслихатындағы фракция жетекшісі Л. Ибрагимова, депутаттық фракция мүшелері мен аудандық филиалдардың төрағалары-аудан әкімдері, сондай-ақ мегаполистің мемлекеттік органдарының басшылары және т. б. қатысты.

Қалалық мәслихаттағы фракция жетекшісі Ләззат Ибрагимованың айтуынша, мегаполисте әлеуметтік, инженерлік, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша көптеген жобалар жүзеге асырылуда, олардың орындалуы депутаттардың, Бюро мүшелерінің және партия филиалы Саяси кеңесінің бақылауында.

«Партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында Алматы қаласында 2021 жылы 79 балабақша ашылды, Алатау және Наурызбай аудандарында 5,1 мың орындық 3 мектептің құрылысы аяқталды, мектептерге 8 мың орындық 16 қосымша құрылыс салынды.

«Шетсіз Қала» бағыты бойынша да жұмыстар жалғасуда. Осылайша, халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу деңгейі 98,5%-ға дейін жеткізілді, ал газбен жабдықтауға қол жеткізу 99,2%-ды құрады. Бұдан бөлек, жеке сектордағы 2 мыңнан астам үй табиғи газға көшірілді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жобаларды іске асыру барысы қаралды. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесіндегі жол айрығы аяқталып, Абай даңғылы бойынша қозғалыс ашылды. Сондай-ақ, өткен жылы Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарының 8 шағын ауданында 65 км жаңа жол салынды. Ұзындығы 201 км 206 көшеге орташа жөндеу жұмыстары қамтылды.

Сонымен қатар, отырыста қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев өңірлік қоғамдық кеңестердің санын 11-ден 8-ге дейін оңтайландыру туралы хабарлап, жаңа төрағаларды таныстырды.

Сонымен, экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесті депутат Қайрат Құдайберген, отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесті – Рахат Шимашева, Өңірлік даму және экология мәселелері жөніндегі кеңесті – Шухрад Шардинов, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесті - Болат Садықов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл кеңесін – Ерболат Қасымов басқарды. Ал қалған үш кеңестің басшылары өз жұмыстарын жаңа құраммен және бекітілген жылдық жұмыс жоспарының жобасымен жалғастыратын болады.

Отырыс барысында проблемалық мәселелер қаралып, оларды шешу үшін әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне бірқатар тапсырмалар берілді. Өз кезегінде, партияның қалалық филиалы барлық сайлауалды уәделерінің уақытылы орындалуын бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.