Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады
2022 жылдың 20 сәуірінен бастап ирандық Kish Air әуе компаниясы Қазақстанда тұрақты халықаралық рейстерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Рейстер Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттары бойынша аптасына бір рейс жиілігімен орындалады.
«Атап айтқанда, сәрсенбі күндері (Горган-Ақтау) және бейсенбі күндері (Тегеран-Алматы) A321 және MD-82/83 ұшақтары ұшып тұратын болады», - делінген ақпаратта.