Мемлекет басшысы өзінің баспасөз хатшысын тағайындады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
- Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.
- 2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.
- 2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы.
- 2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
- 2020-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- 2022 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.