Оқушы бұл ақшаға iPhone 11 сатып алғысы келген
Ақтөбеде мектеп оқушысы студентті қорқытып, несие алдырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
17 жастағы колледж студентінің анасы полицияға белгісіз біреу ұлын қорқытып, 330 мың теңге көлемінде онлайн-несие алдырғанын айтып шағым түсірген.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті қаладағы мектептердің бірінде оқитын 11-сынып оқушысының қатысы барын анықтаған.
«Қазір ҚР ҚК 191 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті дүние-мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», деп көрсетті Полиция департаменті.