Вайнерлердің көлігі мен үйі тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктілердің біріне халықаралық іздеу жарияланған

фото: qamshy.kz

Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісіне қатысты деректермен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тәркіленген мүлік арасында 4 жер учаскесі, 10 пәтер, 1 дүкен, 5 үй мен 2 автокөлік бар. Олардың және туыстарының мүлкі тәркіленіп алынды. Алайда жылжымалы және жылжымайтын мүліктің тағдырын сот шешеді. Қаржы пирамидасын жарнамалаған 3 вайнер де қылмыстық жауапкершілікке тартылады», — деді Санжар Әділов.

Естеріңізге саламыз, «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастыру бойынша 14 күдікті адам тергеліп жатыр. Олардың арасында танымал вайнер әрі блогер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзізжан Саидбаев бар.