Алматыда бірнеше көшеге жаңа атау берілді

Автор: Айжан Бақдаулетқызы

Бүгін қалалық мәслихатта атауы жоқ көшелерге атау беру туралы ұсыныстар енгізілді

Фото: time.kz

Бүгін Алматы қаласының әкімдігі мегаполистегі атауы жоқ көшелерге атау беру бойынша қажетті материалдарды Алматы қаласы мәслихатының қарауына енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Алатау ауданы «Нұркент» шағын ауданындағы:

  • жобалық атауы 1-көше – Аднан Мендерес көшесі;

Бостандық ауданы «Ерменсай» шағын ауданындағы:

  • жобалық атауы 2-көше – Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
  • жобалық атауы 4-көше – Қаршыға Ахмедияров көшесі;
  • жобалық атауы 5-көше – Шолпан Жандарбекова көшесі;

Бостандық ауданы «НұрАлатау» шағын ауданындағы:

  • жобалық атауы 12-көше – Ғазиза Жұбанова көшесі;
  • жобалық атауы 13-көше – Кәкімбек Салықов көшесі;

Бостандық ауданы «Нұрлытау» шағын ауданындағы:

  • жобалық атауы 6-көше – Роза Жаманова көшесі;

Медеу ауданындағы:

  • жобалық атауы 2-көше – Тимофей Седельников көшесі;
  • жобалық атауы 7-көше – Мәшһүр Жүсіп көшесі;

Медеу ауданы «Алатау» шағын ауданындағы: 

  • жобалық атауы 14-көше – Лев Гумилев көшесіне атауын беруін ұсынды.

Алматы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.