Осы кезең ішінде банктің штаттық режимде жұмыс істей беретінін білдіреді.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және «СберБанк» АҚ ЕБ АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы - Office of Foreign Assets Control (OFAC) бас лицензия шығарғанын мәлімдейді. Оған сәйкес банкпен жасалған мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға, 2022 жылғы 13 сәуірден бастап 2022 жылғы 12 шілдеге дейін ұзартылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Осы кезең ішінде банктің штаттық режимде жұмыс істей беретінін білдіреді. Банк клиенттеріне теңгемен және рубльмен жүргізілетін төлемдер мен аударым операциялары (салықтар, баж салықтары, әлеуметтік аударымдар) қандай да бір шектеулерсіз қолжетімді болады», - делінген агенттік хабарламасында.
Бұған дейін OFAC ресейлік «СберБанк» ЖАҚ-қа және оның еншілес ұйымдарына қатысты SDN-ге (Specially Designated Nationals) қосуды көздейтін оқшаулау санкцияларын енгізетіні туралы мәлімдеген болатын.
Көрсетілген қаржы ұйымымен және оның басқа да еншілес құрылымдарымен операциялар 2022 жылғы 13 сәуірге дейін аяқталуға тиіс.