Бозжыра шатқалындағы атышулы қонақүй кешені салынбайтын болды

Автор: Azattyq Rýhy

Атышулы жобаның әзірге нақты не үшін тоқтатылғаны белгісіз

Фото©Shutterstock

Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақүй кешені мен этноауыл салынбайтын болды. Атышулы жобаның әзірге нақты не үшін тоқтатылғаны белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Atameken Business арнасына сілтеме жасап.

Кейбір ақпарат көзі бұған инвестордың құрылыстан бас тартқаны себеп екенін жазуда.

Ал өңір әкімдігі мұндай шешім Президенттің жобаны іске асыру орнын қайта қарау бойынша берілген тапсырмасы түрткі болғанын айтады.

«Осыдан кейін мамандар түрлі ұсынысты ескеріп, жобаны Бозжыра шатқалынан төрт шақырым қашықтықта салу жөнінде шешім қабылдаған», - делінген ақпаратта.