Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Ернар Баспаев Президент көмекшісі әрі Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалсын» делінген Президент жарлығында.