Өткен тәулікте 41 адам COVID-19 індетінен емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 12 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы - 2
Алматы қаласы - 8
Алматы облысы - 1
Қарағанды облысы - 1.
Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 327 адамға жетті.
Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 41 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Аймақтар бойынша атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы - 9
Алматы қаласы – 19
Алматы облысы - 2
Шығыс Қазақстан облысы - 1
Қарағанды облысы - 5
Қостанай облысы - 2
Солтүстік Қазақстан облысы – 3.
Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 290 720 адамға жетті.