$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«7-20-25» бағдарламасы ұзартылуы мүмкін

Бірақ қандай шешім болатыны әзірше белгісіз

«7-20-25» бағдарламасы ұзартылуы мүмкін
фото: abai.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «7-20-25» бағдарламасы ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтің айтуынша, халық та, банктер де бағдарламаның жалғасқанын қалайды.

«7-20-25» бағдарламасы аяқталуға таяу. Бірақ халық та, банктер де бұл бағдарламаны ары қарай жалғастыруды ұсынып отыр. Біз де ол мәселені көтеріп, ұлттық банкке ұсыныстарымызды беріп жатырмыз. Бірақ қандай шешім болатыны әзірше белгісіз. Оны әлі ақылдасып жатырмыз», - деді Өскенбаев үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша дайын жаңа баспана сатып алуға болады. Алайда өтініш беруші тұлғаның атында ешқандай баспана болмауы керек.

Мөлшерлеме – 7%, ең төменгі жарна – кемінде 20%-і, мерзімі – 25 жылға дейін. Бағдарламаның нақты мерзімі жоқ.  Дегенмен оған бөлінген 1 триллион теңге көлеміндегі сома игергеннен кейін бағдарламаны жабылуы мүмкін екені айтылған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#баспана #7-20-25