Төтенше жағдай. Бөгеттің бұзылуына байланысты қауырт желі ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Желінің телефон нөмірі: 8(711 2) 55-40-88

фото cso-central.asia

БҚО-да Ресеймен шекарада орналасқан бөгетті су шайып кетуіне байланысты тұрғындарға қажетті ақпаратты дереу беру мақсатында қауырт желі іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«РФ Орынбор облысы Ташлин ауданы Пустобаево ауылында және Бәйтерек ауданы (Чинарев ауылы) аумағымен шекаралас су қоймасындағы бөгетті су шайып кетуіне байланысты Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі ашылды. Телефон нөмірі: 8(711 2) 55-40-88», делінген хабарламада.

«Мой город» порталының мәліметіне қарағанда ауылдан 17 адам қауіпсіз жерге көшірілген.