Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі іс жүргізу басталды
Көкшетау қаласындағы түнгі ойын-сауық орнының жанында төбелескендер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары арқылы бір топ адамның төбелесіп жатқанын байқаған. Оқиға орнына дереу жеткен полиция жасағы төбелеске қатысқан екі адамды ұстады. Олар мекеме қызметкерлері болып шықты. Автокөлікпен қашып кеткен тағы екі адамды патрульдік полиция батальонының экипажы қолға түсірді.
Белгілі болғандай түнгі клубқа келушілер мен сол жерде жұмыс жасайтын 2 жігіттің арасында туындаған жанжал төбелеске ұласқан.