$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада шаруа қожалығына жер бермеген ауыл әкімі жазаға тартылды

Ауылдық округ әкімі шаруа қожалығынан жұмысына кедергі келтірді деп танылды

Қызылордада шаруа қожалығына жер бермеген ауыл әкімі жазаға тартылды
фото opennews.kz сайтынан

Қызылордада шаруа қожалығына жер бермеген ауыл әкімі жазаға тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Kyzylorda-news.kz» АА сілтеме жасап.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында Сырдария ауданы, Шаған ауылдық округінің әкімі Ұлбала Әбдірамановаға қатысты тәртіптік іс қаралды.

Ауыл әкімі бастапқыда шаруа қожалығына жер учаскесін беру туралы шешiм қабылдағанымен қоғамдық кеңестің келісімі жоқ деген негізбен «Ордабай-Ата» шаруа қожалығының құқығын шектеген.

«Шаруа қожалығының құқығы мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасап, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылыққа жол бергені үшін қызметке толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жаза қолдану жөнінде шешім қабылданды», делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары