Түркістан облысында жалған банкноттарды сатпақ болған азамат қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

9300 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақша тәркіленді

фото avtoradio.kz сайтынан

Түркістан облысының тұрғыны 9300 АҚШ доллар көлеміндегі 100 долларлық жалған ақшаны сатып жатқанда қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қылмыс жасаған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», деп көрсетті Қаржы мониторингі агенттігі.

Тегтер: