Биыл 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – министрлік

Автор: Еркежан Айтказина

Республика бойынша барлығы 23,3 мың үй пайдалануға берілді

Фото: alau.kz

2022 жылдың 1-тоқсанында елімізде 2,8 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 23,3 мың үй пайдалануға берілді. 15 өңірде өсім бар. Көш басында Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары тұр. Биыл 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, құрылыс саласында да өсім байқалады. Әсіресе, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары көш басында.