Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, найзағай ойнайды
Синоптиктер сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы және Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шымкент пен Түркістан қаласында да найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Маңғыстау облысының кей аумағында шаңды дауыл тұрады.
Нұр-Сұлтан қаласында 12-13 сәуірде 23 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысында да найзағай ойнап, дауыл тұрады.
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қостанай мен Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысында 25 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жамбыл облысында нөсер жаңбыр жауады.12-14 сәуірде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында найзағай ойнап, 25 м/с жылдамдықпен жел соғады.