Ол көпқабатты тұрғын үйдің ауласында адамдарды пышақпен қорқытқан
Қостанай қаласының Әл-Фараби көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласында қолына пышақ ұстаған жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 19 жастағы ішімдік ішкен қала тұрғынын ұстады. Полиция қызметкерлері азаматты медициналық айықтырғышқа жеткізді», деп көрсетті Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБК 440-бабымен ("Алкогольдік ішімдік тұтыну немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу") әкімшілік іс қозғалған.
Полицейлердің мәліметінше ұсталған азамат психоневрологиялық диспансерде тіркеу тұр.