Петропавл жылу электр орталығындағы апаттың себебі анықталды
Тексеру комиссиясы жұмысы әлі де жалғасады
Петропавлдағы екінші жылу электр орталығының түтін мұржасының құлауына не себеп болғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Энергетика министрлігі белгілеген технологиялық бұзушылықты тексеру комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, мұржаның құлауына түтін мұржасындағы түтін газдарының минималды температурасына сәйкес келмейтін бу қазандықтарының жұмыс режимдерінің бұзылуы себеп болған.
Мұржаның бойындағы шығатын газ температурасының төмендеу факторы «шық нүктесінің» шығуына және мұржаның ішкі бетінде су конденсатының пайда болуына, ал конденсат қазандықтан шығатын газдың басқа қоспаларымен (күкірт қышқылы SO2) қосылып, қышқылға айналғаны болуы мүмкін. Қышқылдың әсері бетонның мерзімінен бұрын және түтін мұржасының негізінің бұзылуына алып келді. №1 түтін мұржасының техникалық жағдайын анықтау үшін және қазандықтардың пайдалану режимін, оның ішінде шығатын газдың температурасын сақтау бойынша сараптама жүргізу белгіленді. Технологиялық бұзушылықты тексеру комиссиясының жұмысы бұдан әрі жалғасады.