ШҚО-да бір жылда өндірістік жарақат алған 23 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Жарақат алудың негізгі себептері – жұмыстағы қауіпсіздіктің дұрыс қамтамасыз етілмеуі

Фото ашық дереккөзден

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындарында жұмыс барысында 204 адам жарақат алып, 23 жұмысшы көз жұмған. Бұл жайлы облыстық Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Зардап шеккендер саны бойынша бірінші орында тау-кен металлургия өнеркәсібі – 41 адам, екінші орында бюджеттік сала – 32, үшінші орында құрылыс саласы – 24 адам. Өңір бойынша өндірістік жарақат алғандар саны жағынан Өскемен қаласы алдыңғы орында тұр. Онда бір жылда өндірісте 48 жазатайым оқиға тіркелген», - дейді ол.

Жарақат алудың негізгі себептері – жұмыстағы қауіпсіздіктің дұрыс қамтамасыз етілмеуі және қызметкерлердің салғырттығы.