Қызылорда қаласында жеңіл көлік жүргіншілер жолында оқушы қызды қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды

Фото ашық дереккөзден

Қызылорда қаласында жеңіл көлік жүргіншілер жолында оқушы қызды қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға облыс орталығындағы Н. Назарбаев даңғылы бойында тіркелген. Жаяу жүргіншілер жолағында жолдан өтпек болған оқушыны жеңіл көлік қағып кетті.

«Аталған оқиға ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалып, анықтау жұмыстары жүргізілуде. Күдікті азамат Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Қызылорда қалалық білім бөлімі оқушының жағдайы қалыпты екенін хабарлады. Қазір ол палатаға шығып ем қабылдауда.