Шетелдік әскери оқу орындарына түсетін қызметкерлерді іріктеу ережесі өзгеруі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл ережелер әскери білім беру жөніндегі нормативтік құжаттардың базасын сәйкес келтіруге септігін тигізеді

 
Фото: nuo.kz

«Шетелдік әскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 371 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар әзірленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған ереже «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы ҚР Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-21) тармақшасына сәйкес әзірленді.

«Түзетулер Қарулы күштердің әскери қызметшілерін шетелдік білім беру ұйымдарында оқытуға іріктеу тәртібінің өзгеруіне байланысты енгізіледі», - делінген хабарламада.

Бұл ережелерді қабылдау әскери білім беру жөніндегі нормативтік құжаттардың базасын сәйкес келтіруге септігін тигізеді.

Құжаттың толық мәтінімен биылғы жылғы 22 сәуірге дейін ашық нормативтік құқықтық актілер порталында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14062000.