Қазақстанның Қытай мен Моңғолиядағы жаңа елшілері тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытай мен Моңғолиядағы жаңа елшілерін тағайындады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.