Қызылордада тұрғындарды 10 млн теңгеге алдап кеткен күдікті ұсталды

Azattyq Rýhy

Полиция қызметкерлері бұрын сотталған 50 жастағы қала тұрғынын ұстады

Фото ашық дереккөзден

Қызылордада тұрғындарды алдап, 10 млн теңге шығын келтірген әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

30 наурыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны жүгініп, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан.

Анықталғандай, өткен жылдың 30 желтоқсанында танысы несие алуға көмек беремін деп 2,3 млн теңге несиені өзіне алып алған. Сол күні полицияға облыс тұрғынынан алаяқтық дерегі туралы тағы бір осындай мазмұнда арыз түсті. Белгісіз азаматша 2019 жылдың наурыз және желтоқсан айларында қала тұрғындарын құр уәдемен үй алуға көмек беремін деп алдау-арбау жолымен 8.3 млн теңгеден астам ақшасын жымқырған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері бұрын сотталған 50 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.