Елордада Bus Lane қаланың 26 учаскесіне енгізілді

Azattyq Rýhy

«Bus Lane» енгізу қоғамдық көліктің жұмысын жақсартуға мүмкіндік берді

Елордада Bus Lane қаланың 26 учаскесіне енгізілді

Бүгінгі таңда елордада Bus Lane жалпы ұзындығы 73,6 км болатын 26 көше учаскесіне енгізілді, соның есебінен кептелісте тұрмай, кедергісіз жүретін маршруттық желі қалыптасты, оны қамту маршруттардың жүру ұзақтығының 18%-ын құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық көлікке басымдық берудің маңыздылығына мән берілгендіктен, 2015 жылы елорда көшелерінде арнайы бөлінген «Bus Lane жолағы енгізіле бастады.

«Қалалық қоғамдық көлік қарбалас уақытта жеке көліктерге қарағанда әлдеқайда басымдыққа ие. Нәтижесінде жолаушылар уақытын ұтымды пайдалана алады. Бұл қозғалыс жағдайын жақсартып қана қоймай, қала экологиясына және жалпы қоршаған ортаға оң әсер етеді», - делінген хабарламада.

Бөлінген жолақтар қоғамдық көлік қозғалысын жылдамдатуға, жол-көлік оқиғасы санын азайтуға және т.б. арналған. Қоғамдық көліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуден басқа, бұл жоба ресми такси мен арнайы қызметтер үшін де тиімді. Оның ішінде жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндіру техникаларының оқиға орнына жылдам жетуіне оң әсер етеді.

«Bus Lane» енгізу қоғамдық көліктің жұмысын жақсартуға мүмкіндік берді, атап айтқанда:

- Көлік кептелісінде автобустардың жүру жылдамдығы;
- Қозғалыс интервалы мен кестесінің сақталуы;
- Жалпы ағымда қоғамдық көлікті басқаруды жеңілдету;
- Автобустар қозғалысына басымдық беру;
- Кесте бойынша бұзушылықтар санын азайту;
- Автобус жүргізушілерінің тәртібін арттыру;
- Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру;
- Автобустардың орташа қозғалыс жылдамдығын арттыру.

Бүгінгі таңда елордада жалпы ұзындығы 73,6 км болатын 26 көше учаскесінде Bus Lane енгізілді.

Осы шаралар есебінен Bus Lane бойынша қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігі 25%-ға жетеді, оның ішінде жол жүру уақыты орта есеппен 10 минутқа қысқарды.

2021 жылы Bus Lane арнайы жолақтары Тұран, Қабанбай батыр, Ұлы Дала, Байтұрсынов, Нәжімеденов, Түркістан, Мұхамедханов және Абылай хан көшелері мен даңғылдарының 8 учаскесінде енгізілген.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы көлік көп жүретін қарбалас уақыттардан бөлек және демалыс күндері қоғамдық көліктерге арналған жолақтар бойынша жеке көлік иелерінің де жүру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды. Осыған орай тапсырманы орындау үшін 2021 жылғы 29 тамызда Абылай хан даңғылы бойынша Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Bus Lane іске қосылып, оның жұмыс істеу уақыты белгіленді. Сонымен, жеке көлік иелеріне автобус жолағымен таңғы уақытта 07.30-дан 9.30-ға дейін және кешкі уақытта 17.00-ден 20.00-ге дейін жүруге тыйым салынады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.