Алматыда үш көлікті айдап әкеткен ұрылар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу барысында айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото ашық дереккөзден

Алматыда үш көлікті айдап әкеткен ұрылар ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлер күдіктілердің мойнында ресми түрде дәлелденген үш дерек барын анықтады

 «Күдіктілер ұсталды. Негізгі айыпталушының жасы 33-те. У. есімді күдікті автомобильдердің есігін ашумен айналысады. Ұрланған көліктерді жасырып, басқа жаққа айдап баруға көмектеседі. Оның сыбайласы - К. есімді күдікті, жасы 29-да. Бұл «дуэттің» Алмалы және Медеу аудандарынан үш көлікті ұрлағаны анықталды. Жоғалған автолар табылды және өз иелеріне қайтарылды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Тергеу барысында айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.