Оған сырттан келетін шикізат бағасы әсер етіп отыр
Елімізде сүт өнімдері 30 пайызға қымбаттаған. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов оның себебін шеттен келетін шикізат құнының өскенімен түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ағарғанның өзін былай қойғанда, қаптамасының қымбаттауы өнім бағасын өсіріп жіберген.
«Сүт өнімдерінің 60 пайызы – ішіндегі шикізат бағасы. Ол да өсіп бара жатыр. Өйткені жемнің бағасы, басқа да факторлары бар. Мысалы, Ресейден алып келетін қапшықтары да қымбаттап жатыр. Ол да өз әсерін беріп отыр», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
«Азық-түлік бағасының өсуіне өткен айдағы теңгенің тұрақсыздығы да әсер етті», - дейді Бақыт Сұлтанов. Оған дүкендердегі дүрбелең қосылған. Соның бір дәлелі – наурыздағы кенеттен қызған қант саудасы. Мұндай жағдай әсіресе үй жанындағы шағын дүкендерге қол болып тұр. Облыс орталықтарында жүргізілген мониторинг нәтижесінде шағын дүкендердің 85 пайызы бағаны негізсіз көтергені анықталған. Енді бұндай тексеру аудандарға дейін жүргізілмек.