07.04.2022, 01:49
Жаңалықтар
Жезқазғанда алаяқ көршісінің телефонын пайдаланып, шотынан ақша жымқырған
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото ашық дереккөзден
Жезқазғанда алаяқ көршісінің телефонын пайдаланып, шотынан ақша жымқырған, деп хабарлайды Polisia.kz.
29 наурыз күні Қарағанды облысының ПД Жезқазған қаласының ПБ 49 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз біреу банк шотынан ақша қаражатын ұрлағанын хабарлады. Шығын 200 мың теңгені құрады. Полицейлер жәбірленушіге екі күн бұрын келіп шұғыл қоңырау шалу үшін ұялы телефоның сұрағанын анықтады.
Тергеу-жедел тобының қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні ұстады. Күдікті жәбірленушінің ұялы телефонында орнатылған қосымша арқылы ақша қаражатын ұрлағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
30.10.2026, 12:15
Шымкентте полицей мен әйел 17 пәтердегі жезөкшеліктен күніне 2 млн теңге «табыс» тапқан: «бизнесті» 16 жастағы қыз тоқтатты
30.10.2026, 09:50
Шымкентте Өзбекстан азаматтары жүздеген млн теңгенің алтынын Түркияға алып бара жатқан жерінен ұсталды
30.10.2026, 10:04
Жол – елді жалғайтын күретамыр, ал логистика – маңызды күш: депутат Маңғыстаудағы жобаларға тоқталды
30.10.2026, 10:08
Жас дзюдошы Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінде Елдос Сметовті жеңіп, қола жүлдеге ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды