Қазақстанда астық пен ұнның экспортына қашан тыйым салынады

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай шаралар еліміздің ішкі нарығын қорғау үшін қажет

Қазақстанда астық пен ұн экспортына қашан тыйым салынатыны туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство басшысының айтуынша, мұндай шаралар еліміздің ішкі нарығын қорғау үшін қажет.

«ВАК-қа (ведомствоаралық комиссия) шешім қабылданды, қазір ережелерді келісу рәсімі жүріп жатыр. Жақын арада, менің ойымша, екі апта ішінде енгізілетін болады. Біз 15 маусымға дейін енгізуді ұсындық», - деді Қарашөкеев Мәжілістің жалпы отырысында.