Жаңартылған 36-шы рейтинг тізімінде 2 668 миллиардер бар
Америкалық Forbes әлемдегі ең бай адамдардың жаңа тізімін жариялады. Жаңарған тізімге бес қазақстандық миллиардер кірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МИЛЛИАРДЕРЛЕР
Владимир Ким (байлығы 5 млрд долларға бағаланды, 2021 жылы – 4,6 млрд доллар), Тимур Құлыбаев (3,8 млрд доллар, 2021 жылы – 2,8 млрд доллар), Динара Құлыбаева (3,8 млрд доллар, 2021 жылы – 2,8 млрд доллар), Болат Өтемұратов (2,8 млрд доллар, 2021 жылы – 3,4 млрд доллар), Вячеслав Ким (2 млрд доллар, 2021 жылы - 3,3 млрд доллар).
Қазақстанда тұратын, бірақ өзге елдің азаматы болып саналатын тағы екі миллиардер де Forbes тізіміне енді. Kaspi.kz акционері және басқарма төрағасы, Грузия азаматы Михаил Ломтадзе 1,9 млрд доллар (2021 жылы – 3,2 млрд доллар).
Сондай-ақ тізімде Freedom Holding Corp инвестициялық тобының негізін қалаушы және акционері, Ресей азаматы, Қазақстан резиденті Тимур Турлов та бар. Оның байлығы былтыр 2,1 миллиард доллардан биыл 2,4 миллиард долларға дейін өсті.
ӘЛЕМДІК ТІЗІМ
SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды. Оның байлығы 219 млрд долларға бағаланды. Ол Amazon негізін қалаушы және бас директоры Джефф Безосты басып озып, рейтингіде бірінші болды.
2022 рейтингтің алғашқы бестігі:
Forbes мәліметінше, миллиардерлер қатары Ресейде күрт азайды. Өткен жылмен салыстырғанда 34 миллиардерге аз, сондай-ақ, төменгі көрсеткіш тізімінде Қытай бар. Биыл 87 қытайлық миллиардер тізімінен түсіп қалды.
Сондай-ақ Forbes бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда байлық көлемін арттырған жаңа 1000 миллиардерді қосты. Соңғы жылда 236 жаңа миллиардер Барбадос, Болгария, Эстония және Уругвайдан алғаш рет қосылды. Ең бай адамдар тізімінің көшін бұрынғыдай 735 миллиардерімен, жалпы қаражаты $4,7 трлн долларымен Америка бастап тұр.
Қытай (Макао мен Гонконгті қосқанда) екінші орында, 607 миллиардері $2,3 трлн байлыққа ие.