Қаңтарда қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына пәтер беріледі

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді

 

Фото: ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасына баспана беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

«Бүгінде нақты шешімдер бар. 19-дан 13-ке дейінгі жайттың нақты мәселелері шешілді – баспана берілді. Алты, оның ішінде Шекара академиясының курсанттарына қатысты облыс әкімдерімен жеке сөйлестім, мәселе 25 сәуірге дейін шешіледі. Мен әр әкіммен жеке сөйлестім, мәселе ерекше бақылауда», - деді Ералы Тоғжанов.

Еске салсақ, қақтығыстар кезінде Қарулы күштер қатарында қызмет еткен 19 азамат көз жұмған болатын. Осы уақытқа дейін 13 отандасымызға туған-туыстарына пәтер берілген.