Депутаттар Ұлттық қордан қаражат не үшін алынатынын түсіндірді

Автор: Еркежан Айтказина

Мәжілісте тиісті Заңға өзгеріс енгізу мәселесі қаралды

Мәжілістің кезекті отырсында «Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Депутат, қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов ұлттық қордан қаражат алу мәселесін былай түсіндірді:

«2022-2026 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерді нақтылауға байланысты әзірленген. Мемлекет басшысының Қаңтар оқиғаларына байланысты берген тапсырмаларына сәйкес және Жолдаудағы міндеттерді орындау бойынша бұрын қабылданған бірқатар міндеттемелерді орындауға бағытталған. Аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын», - дейді Марат Құсайынов.