$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазфосфатқа» қатысты монополияға қарсы тергеу жұмыстары басталды

Тергеу ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және Жамбыл облысы әкімдігінен аммофос бағасының көтерілгені туралы түскен шағымнан кейін басталған

«Қазфосфатқа» қатысты монополияға қарсы тергеу жұмыстары басталды
Фото: kazakh-zerno.net

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазфосфат» ЖШС қатысты монополияға қарсы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттік мәліметіне сәйкес, тергеу жұмыстары ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және Жамбыл облысы әкімдігінен аммофос бағасын көтеру туралы шағымының негізінде жүргізіліп жатыр.

«Аммофосты бастапқы сату нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау барысы «Қазфосфат» ЖШС-нің үстемдікке ие екенін көрсетті. 2021 жылғы қарашада аммофос бағасы 125 000 теңгеден 168 750 теңгеге дейін өскен. Жыл басындағы бағамен салыстырғанда өсім 35%-ды құрады. Бұл ретте 2022 жылғы қаңтарда баға 185 625 теңге болған. Ал 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда баға 48,5% өскен. Сонымен бірге, тауарды өндіру және сату үшін қажетті шығыстардың өзгеруі тауарды сату бағасының өзгеруіне сәйкес келмейді», - деп түсіндірді агенттік өкілдері.

Тергеп-тексеру барысында «Қазфосфат» ЖШС үстем жағдайды теріс пайдалана отырып, аммофосты монополиялық жоғары баға бойынша сатқаны анықталды, бұл өз кезегінде түпкілікті өнімнің бағасына, сондай-ақ жалпы сатып алу қабілетіне әсер етеді.

Қазіргі уақытта Кәсіпкерлік кодексінің 224-бабы негізінде тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасы «Қазфосфат» ЖШС-іне жіберілді. Заңдық жауапкершілік туралы мәселе тергеп-тексеру қорытындылары шығарылғаннан кейін шешілетін болады.

Серіктес жаңалықтары