$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жайна Сламбекқызы «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды

Жайна Сламбекқызы – Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты

Жайна Сламбекқызы «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды

«Хабар» телеарнасына директор болып Жайна Сламбекқызы тағайындалды.

Жайна Сламбекқызы 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған.

Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған.

2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді.

2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды.

2019 жылдың тамызынан «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Apta» бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі болып қызмет атқарды.

Жайна Сламбекқызы - Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1999 ж). Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президенті сыйлығымен марапатталды (2019 ж), сонымен бірге «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығының иегері (2020 ж).
 

Серіктес жаңалықтары