Жайна Сламбекқызы – Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты
«Хабар» телеарнасына директор болып Жайна Сламбекқызы тағайындалды.
Жайна Сламбекқызы 1974 жылы 12 қарашада Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін аяқтаған.
Еңбек жолын университет бітірген 1996 жылы жазда «Хабар» агенттігінде тілші болып бастаған.
2014 жылдың ақпанына дейін комментатор, атқарушы продюсер, тележүргізуші, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры болып жұмыс істеді.
2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Астана» телеарнасында «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды.
2019 жылдың тамызынан «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Apta» бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі болып қызмет атқарды.
Жайна Сламбекқызы - Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1999 ж). Отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Президенті сыйлығымен марапатталды (2019 ж), сонымен бірге «Тұмар» ұлттық телевизия сыйлығының иегері (2020 ж).